Жүрсін Ерманның құдасы әлем жұртын шошытатын мәлімдеме жасады

0
2311

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус жаңа пандемияға ертеңнен бастап дайындалуға шақырды.

Әлемде қауіпті аурудың жаңа пандемиясы ертең басталып кетуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты baku.ws порталына сілтеме жасап.

Ол елдерді пандемияның алдын алу жөніндегі келісімді әзірлеу жұмысын жандандыруға шақырып отыр.

ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері алдында сөйлеген сөзінде ол «COVID-19 пандемиясы қазір қақтығыстар, геосаяси және экономикалық күйзелістер аясында алыстағы естелік сияқты көрінеді Гебрейесус», — деді.

«Алайда келесі пандемия әлемдегі жағдайдың тұрақтануын күтпейді. Ол 20 жылдан кейін де болуы мүмкін, ертең де басталып кетуі ғажап емес. Біз оған дайын болуымыз керек. Сондықтан да әлем сіздердің қатысуларыңыз бен көшбасшылықтарыңызға мұқтаж. ДДСҰ-ның пандемияға қарсы келісімін соңына дейін жеткізу керек», – деді Гебрейесус.