Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың экс-депутат Ынташ Наурызовадан туған ұлының әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады Democrat.kz.
Ынташ Наурызова ұлы Әміренің смартфондағы әкесі Нұрдәулет Қилыбайдың видеосына сүйсіне қарап, тіпті өзінің бал тілімен әлденелерді айтып "папам" деп айтып, телефонды құшақтап, сүйіп тұрған видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
"Папаң ба? Әкел бер, ұрайын, кел, папаңды ұрып жіберейін. Сүйе бермеші, әкел ұрайын" деп қалжыңдаған анасына "папамды ұрма" деп шырылдаған Әміренің қылығы жұрттың жүрегін елжіретті.
"Жаным сол, папасын танып тұрғанын қарашы", "тимеші балапанға, сүйсін папасын", "әкесінің копиясы", "папасы сияқты семірту керек балапанды" деп Ынташтың оқырмандары пікір жазып, Әміреге игі тілектерін білдіруде.