Көкшетауда шетелге жұмысқа орналастыруды уәде етіп, ондаған адамнан ақша алған кәсіпкерге үкім шықты. Сот дерегі бойынша 92 қазақстандыққа келген жалпы шығын шамамен 70 млн теңгені құраған, деп жазады Democrat.kz.
Көкшетау қалалық соты жеке кәсіпкерге қатысты алаяқтық ісін қарады.
Сот материалдарына сәйкес, әйел азаматтарға Англияда жұмыс тауып беруге көмектесетінін айтып, қызметі үшін ақша алған.
Алайда міндеттемелер орындалмай, адамдар шетелдегі уәде етілген жұмысқа орналаса алмаған.
Іс бойынша барлығы 92 жәбірленуші танылған.
Оларға келтірілген материалдық шығын шамамен 70 млн теңге деп есептелді.
Сот дәлелдемелерді зерттеп, айыпталушыны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.