2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын трансформациялау, жер қойнауын зерттеудің заманауи технологияларын енгізу, геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру және еліміздің минералдық-шикізаттық әлеуетін толық ашу қажеттігін атап өтті деп хабарлайды Democrat. kz.
«Қазақмыс» осы басымдықтарды негізге ала отырып, геологиялық барлау саласына цифрлық шешімдерді енгізіп, зерттеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуда және бейінді мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруде. 2026 жылы компания жалпы инвестициялық портфелі 18,2 млн долларды құрайтын 20 геологиялық барлау жобасын жүзеге асыруда.
Жаңғыртудың негізгі бағыттары:
🔹 Жасанды интеллект — Жезқазған қаласындағы Геологиялық кластерде керн сынамаларын зерттеу және геологиялық деректердің дәлдігін арттыру үшін ANCORELOG және LithoLens кешендері қолданылады;
🔹 Цифрлық мониторинг — 50 бірлік бұрғылау техникасы онлайн-мониторинг жүйесімен жабдықталған. Шалғайдағы учаскелерде Starlink спутниктік байланысы пайдаланылады;
🔹 Үш өлшемді модельдеу — Micromine бағдарламалық жасақтамасын қолдану аясы кеңейтілуде. Micromine Origin & Beyond бағдарламасымен жұмыс істеуге шамамен 400 маманды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар геологиялық ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау және талдау үшін Geobank жүйесі енгізілуде;
🔹 Өндірістік нәтижелер — 2026 жылдың 10 айында корпорация жобалары бойынша жалпы ұзындығы 71,7 мың қума метр бұрғылау жұмысы орындалды. Зерттеулер Жезқазған кен орнында, Жомарт, Абыз, Нұрқазған және Қажықонған кеніштерінде, сондай-ақ басқа да перспективалы учаскелерде жүргізілді;
🔹 Кадр даярлау — Ұлытау университетімен бірлесіп, инженерлік-техникалық мамандарды даярлау жүйесі дамытылуда. 2026 жылғы қыркүйекте алғашқы лекке 163 студент қабылданды. Олардың 103-і – «Қазақмыстың» қазіргі жұмыскерлері.
Геологиялық барлау саласын жаңғырту жасанды интеллектті, цифрлық модельдеуді, зерттеу жұмыстарының көлемін арттыруды және кадрлық әлеуетті дамытуды біріктіреді. Бұл кешенді тәсіл геологиялық барлау тиімділігін арттыруға және компанияның минералдық-шикізат базасын нығайтуға бағытталған.
«Қазақмыс» геологиялық барлау саласын жаңғыртуда: жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және жаңа буын мамандары
Фото "Қазақмыс".
-
-
«Шаблондарға тойдық!»: Белсенді ұстаздың үндеуі желіні дүр сілкіндірді09:55, 25 қараша 2026
6
-
Министрліктің жаңа бұйрығы: Директорлар білуге тиіс жаңа талаптар белгілі болды09:00, 25 қараша 2026
76
-
Орталық Азия елдері трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқаруды күшейтпек18:00, 24 қараша 2026
67
-
Алматы БҰҰ рейтингінде онлайн қызметтері дамыған 12 қаланың қатарына енді17:30, 24 қараша 2026
75
-
Оңтүстік Кореяда сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласының басшылығы ауысады17:00, 24 қараша 2026
73
-
Жапонияда құс тұмауына байланысты 80 мың тауық жойылады16:30, 24 қараша 2026
72
-
Азық-түлік өндірісі 3,6 триллион теңгеге жетті16:00, 24 қараша 2026
73
-
Мұнай өңдеу зауыттары биыл 14,9 миллион тонна шикізат өңдеді15:30, 24 қараша 2026
72
-
Тыңайтқыш өндірісі 2030 жылға қарай төрт миллион тоннаға жетуі мүмкін15:00, 24 қараша 2026
76
-
«Күнкөріске жете ме?»: Қазақстанда 1,8 миллион адамның жалақысы өседі14:30, 18 қараша 2026
29075
-
"ПедСтарттың әділетсіздігі": Белсенді ұстаз "Дарын" олимпиадасына қатысты масқара жайтты ашық айтты10:50, 23 қараша 2026
7480
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты11:00, 18 қыркүйек 2026
6547
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты13:00, 17 қыркүйек 2026
6298
-
"Мұғалімдердің аттестациясы": "Өрлеудің" өкілі маңызды мәлімдеме жасады12:30, 16 қараша 2026
5884
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады14:00, 02 қыркүйек 2026
4940
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда10:00, 10 қыркүйек 2026
4851
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?13:00, 16 қыркүйек 2026
3820
-
"Бұл масқара емес пе?": Білікті ұстаз министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір сауал жолдады10:00, 15 қазан 2026
3589
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты15:00, 15 қыркүйек 2026
3504