Біздегі кей ата-ана баласының өмірін осылай талқандап жатқанын білмейді

Біздегі кей ата-ана баласының өмірін осылай талқандап жатқанын білмейді

Жетістік пе, жан тыныштығы ма деген сауалмен жазба жариялаған қоғам белсендісі Ербол Сәбитов бала үшін не маңызды екеніне тоқталды деп жазады Democrat.kz. 

"Түркияның ең мықты Бұғазіші университетін үздік бітірген (түлектер арасында 1-орын), Гарвардта үздік оқыған (4-орын) және докторлық диссертациясын Кембриджде қорғаған Өзгүр Болат деген мықты бар.

Сол кісі былай дейді:

- Мен Түркиядағы отбасылар мен мектептердегі адам тәрбиелеу моделін өзгертуге талпынып жүргендердің бірімін.

Қазір бар күшімді осы іске арнадым.

Әлем халықтарының бақыттылық деңгейін зерттейтін Галлуп агенттінің нәтижесіне қарасақ, Түркия 74-орында тұр.

Бұл ойға қалай келдім?

Отбасым, туған-туыс, достарым мен көршілерім “Өзгүр тағы да бірінші орын алыпты” деген кезде, әкем де қатты қуанды.

Әкемнің қуанышын көрген кезде, менің түпсанама:

“Адамдар мені бірінші орын алғаным үшін, жетістіктерім үшін жақсы көреді, құрметтейді. Әкем де…

Мен толағай жетістіктерге жетсем ғана елдің ең сүйіктісіне айналамын”,-деген ой берік орнықты.

Одан кейін тек жетістікке жетуге ұмтылдым.

Менің жетістігім ғана қоғамда орнымды айқындайтын сияқты…онсыз ешкім емеспін.

Адамдар менің тек жетістіктерімді көрді, сөз етті.

Жетістіктерімсіз көңілім тым жалғыз еді…

Қазіргі ақылым болса, жоғарыдағы өзім бітірген оқу орындарында оқимын деп өзімді қинамас едім.

Бұлар өмірдің мәні емес.

Әлемдегі ең депрессияда жүрген студенттер Гарвардта оқиды.

Неге?

Өйткені бәрі жетістікке жеткісі келеді. Өмірлерінде одан басқа мұраттары жоқ.

Гарвардқа түскен күннен депрессияға да түседі.

Сізге осы керек пе?

Балаңыздың мектеп пен университеттегі жетістігі маңызды ма, жалпы өмірдегі ма?

Мәселен, Голливудтың ең атақты актерлерінің бірі Робин Ульямс не үшін өзіне қол жұмсады?

Атақ, даңқ, дүние, ақша бәрі бар…бірақ іші бос еді. Депрессияға түсті. Соңы қайғылы….

Өйткені адамның ішіндегі бос кеңістікті сыртқы дүние-мүлік толтыра алмайды.

Менің балам қалай болса екен деп армандаймын, білесіз бе?

Әншейін кафеде аспаз, яки даяшы болып жұмыс істесін.

Бірақ, жан тыныштығын тапса, бақытты болса болды…”

Сіз не дейсіз, НИШ-шыл, БИЛ-шыл, “Болашақ-шыл” ата-ана?" деп жазды 

Ербол Сәбитов.

Өкінішке қарай, бұл жазбаны әркім өз ақылына қарай қабылдап, түрлі пікір жазуда. 

"Бала білімді болуы керек" дейтіндер аз емес. Әйтсе де "балам білімді болса, бір биіктен көрінсе, сол кезде мен де мақтанып, марқайсам" деген ішкі ниетін ашып айтатын ешкім жоқ. 

"Баланың жетістігі" деген ұстанымның артында "мен де мақтанайын, айналама маңғаздана қарайын" деген ниеттің жатқанын мойындау оңай емес-ақ. 

Кей ата-аналар "балам биіктен көрінсін" деген осындай жасырын ниетінің арқасында баласының өмірін талқандап жатқанын білер ме екен?

Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ. 

Барлық жаңалықтар