Блогер ата-енесімен бірге тұруға қарсы

Блогер ата-енесімен бірге тұруға қарсы

Блогер Бота Миа сүйіктісіне өмірлік серік болуға келісім бермес бұрын, өзінің бір шегін ашық айтқан — "Ата-енемен бірге тұрмаймын" деп. Ол отбасыдағы жеке кеңістіктің, еркіндіктің және өзара сыйластықтың маңызды екенін алға тартқан.

«Мен Асқарға айттым, «Асқар, мен қазір Есікке барып, өмірімді сол жаққа байлап, ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмаймын» деп басынан айттым. Кейін бірге тұрамыз деген кезде келіспеушіліктер болады. Өйткені, менің ойымша отбасы құрылғаннан кейін олар жаңа отау құру керек. Жаңа үй, бөлек әлем болуың керек. «Мен ата-анаңа апта сайын барып, тамақтарын істеп, хал-жағдайларын біліп тұрамын. Түскеннен кейін бір ай сол үйде боламын. Басымда орамал, қонақтарды күтемін. Мен ол жұмыстан қашпаймын» дедім. Бірақ, ол жақта тұрып, ата-енеге қызмет деп ол жақта тұра алмаймын. Мен оған «ата-анама қызмет ету керек, солармен бірге тұру керек десең онда мен саған келмеймін» деп бірден айттым», — деді блогер.
 
 
Барлық жаңалықтар