Ақтау қаласында "Жасы ел" бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылдау басталмай жатып, дауға ұласты. Бағдарлама бойынша жұмыс іздеп келгендердің кейбіріне медициналық көмек те қажет болған деп жазады Democrat.kz.
Ақтауда болған бұл жағдай туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Ақтауда “Жасыл ел” бағдарламасының алғашқы күні айқайға ұласты.
Біреу талып, келесі құлап, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Таңғы 6-дан кезекке тұрғандар сағат 9-да басқа кезекке жазылып, оның соңы у-шуға айналғанын жазыпты оқырмандарым.
@aktau_akimdigi осы қабылдауды ретімен, тәртіппен не онлайн кезекпен ұйымдастыруға не кедергі? Әкімдіктің сайтын қарасам, тып-тыныш әдемі картиналарды салып “Жасыл ел” маусымы салтанатты түрде ашылды” деп жазып қойыпты.
Жаз бойы 14-35 жас аралығындағы жастар өз аймағын абаттандыру, көгалдандырумен айналысып, табыс табады. Кәмелет жасқа толмаған балалары үшін өтінішті ата-аналары өткізеді"деп жазып, видео бөлісті.