"Елдің миын ашытуды қою керек!" деген Роза Әлқожа ренішін білдірді

"Елдің миын ашытуды қою керек!" деген Роза Әлқожа ренішін білдірді

Танымал әнші Роза Әлқожа қоғамдық өткір мәселелерге тағы бір тоқталып, өзінің ащы шындыққа толы пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Өрген өсек, толассыз ғайбат. Біздің деңгей осындай ма еді?!.

Ең қызығы - ғайбатқа жақын адамды әлеуметтік желіден-ақ байқауға болады!

“Айта салайын деп едім” деп аймандай боп отырады!
Егер сенің біреу жайлы айтқаның өз басыңа міндетті түрде келетінін білсең - абзалы үндемес ең!

Қазір көп күтудің қажеті жоқ, бәрі тез орындалады. Өзін жөндей алмай жүріп біреу жайлы, біреудің отбасы жайлы сөз қозғайтындар қалай қорықпайды?! Сенің басыңа түспеуіне кепілдік бар ма?!.
Алла тағала “сен өсектеген адамның халіне түспейінше алмаймын” деген.

Сосын концерт жайлы. Мен Шымкентті жақсы көремін. Олар да мені ерекше құрметтейді. Өткенде “Енді концерт бермеймін” деп тақырып қойып, менің стористегі сөзімді мың қиып, бұрмалап таратты.

Мен неге концерт бермеуім керек бір адам үшін?! Берем, Қазақияда жыл сайын концерт беретін, ешкім қинамай-ақ халық тикетонмен келетін әнші санаулы. Бұл қаншама жылдық еңбек пен сенім!

Шымкенттегі концерт өзіме ұнады. Халық та керемет қошеметтеп отырды!
Ол жерде ұйымдастырушының кінәсі. Ол кісі Шымкенттен емес және!

Концертіме келген елдің кінәсі жоқ, зал толып отырды. Билет те арзан болған жоқ. Алдыңғы орындарды сатпаған, уақытын дұрыс қоймаған. Адамдар алдында отырғысы келеді көбіне. Менің де кінәм жоқ ол жерде. Жанды дауыста қаншама ән айттым, костюм тіктірдім, әнді өңдеттім. Бәрі шығынға кетті деп менің шығынымды төлемесе, үндемей қалай отырасың?!
Елдің ынтасын басқа жаққа аударып, миын ашытуды қою керек.

Бір қазақты бір біріне қарсы қойғаннан не табамыз?!
Ұсақ-түйекті емес, ұлтты ойлайтын дәреже керек бізге!"деп жазды Роза Әлқожа. 

Барлық жаңалықтар