Атақты әнші Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов өзінің кезекті бір сұхбатында жұртқа беймәлім бір құпия жағдайдың бетін ашты деп жазады Democrat.kz.
Әли Оқапов бірнеше рет фамилиясын өзгерткенін айтып: "Үш рет тегім ауысқан. Туғанда Оқапов, кейінірек Әли Тасқынұлы болдым.
Кейін әкеміз өмірден қайтқанда, өмірімізге қауіп төніп, үлкен қиыншылықтар болғанда анамыздың қасымыздан табылып, бізді сақтау үшін Мәди екеуімізді де "Рымбаев" деген фамилияға ауыстырған.
Қандай қауіпті жағдайлар болғанын айтпаймын. Оны айтуға қақым жоқ.
Кейінірек сол кезеңнен өткен соң, менің тегімді қайтадан Оқапов етіп өзгерттік. Ал Мәди Рымбаев тегінде қалды.
Екі атақты адамның фамилияларын екі бала осылай алдық", дейді.