Белгілі журналист Вадим Борейконың интимді видееолары әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Бұл туралы оның әріптесі Ораз Әлімбеков өзінің желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Democrat.kz.
Бұл туралы Ораз Әлімбеков өз парақшасында: "Вадим Борейко деген журналист бар. Жүрген түсініксіз тип. Ютубтағы «ГиперБорей» деген арнасында түрлі тақырыпта пікірін білдіріп жүреді.
Көбіне сын айтады. Бірақ пәленбай аудиториясы бар екеніне қарамастан, ақпаратты бұрмалап жеткізеді. Қателеспесем, біраз уақыт бұрын Шарлапбаевтың азаматтығы туралы қате мәлімет таратқаны есімізде. Көп жылдық тәжірибесі бар журналист үшін бұл кешірілмейтін қателік. Әлде, әдейі қате ақпарат тарата ма?
Қазір елде кім көрінген «сарапшы», «журналист» болып алған. Ютубқа камера қойып алып сөйлей беру журналистиканың өлшемі емес. Аудиторияң көп болған сайын жауапкершілік те жоғары болуы керек. Өкінішке қарай, Борейконың кей видеоларында фактіден гөрі эмоция мен хайп басым. Жарайды, оны былай ысырып қойдық. Борейко ішімдікке де құмар, бірақ ақылыңды ішіп қойған дұрыс емес қой. Кезінде Форбс журналында жұмыс істеген. Бірақ сылқия мас болып, жарнама берушіге қатысты құпия деректерді жариялап жібергені үшін жұмыстан қуылды. Сөйтсек, бұл ішімдікке құмар, өтірік ақпарат беретін адам ғана емес, гей де екен.
Телеграм арналарда видеолары тарады. Қонақүйде бір еркекпен жатқан видеосы көріп шок болдым. Біреулердің к@тін шұқуға неліктен құмар десем, өмірде де сондай екен ғой. Бәсе, ЛГБТ-шыларды неге қолдайды деп түсінбей жүрсем, өзі де солардың өкілі-ау дейім. Басқа-басқа, бірақ біздің елдің проблемасын дәл осы гейлер көтермей-ақ қойсыншы"деп жазды.