"Жұлдыз Сүлейменова ханым, бұл - өрескел қате!" деген білікті ұстаз ескерту жасады

"Жұлдыз Сүлейменова ханым, бұл - өрескел қате!" деген білікті ұстаз ескерту жасады
Білікті ұстаз, танымал педагог Мира Барказатқызы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасындағы сәйкессіздіктер туралы пікір білдіріп, Оқу ағарту министріне сұрау салды деп жазады Democrat.kz.
 
"Жұлдыз Сүлейменова, “Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды пәндерге кіріктіру, оқу мақсатына қосу - өрескел қате. Бұл оқушыны тәрбиелемеу деген сөз емес.
 
 Оның себебі мынада:
- Жалпы жаңартылған бағдарламаның оқу мақсаттарына құндылықтар мен тәрбиелеу міндеттері БЛУМ жүйесі бойынша ШИЫРШЫҚҚА енгізілген.
 
Ендеше “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтар оқу бағдарламасындағы құндылықтармен сәйкес емес екенін біле ме?! “Адал азамат” құндылықтары шиыршықталмаған.
 
“Адал азамат” бағдарламасының кейбір құндылықтары өлшенбейді және бағаланбайды. Бұл оқушыны бағалағанда қиындық тудырады. Жасаушылар немесе кіріктірушілер осыны ойлады ма?!
 
Кіріктірушілер мектепте сабақ берген бе, бағалау дегеннің не екенін біле ме?! -деген ой туады", дейді Мира Барказатқызы. 
 
Білікті ұстаздың бұл жазбасына қатысты әріптестері төмендегідей пікірлер жазуда: 
 
"Өте маңызды ой айтылған. Білім мен тәрбие қатар жүрмесе, толыққанды тұлға қалыптаспайды. Құндылықтар тек құжатта емес, күнделікті оқу мен қарым-қатынас арқылы берілгенде ғана нәтиже болады".
 
"Ең басты мәселе — кей құндылықтар өлшенбейді, бағаланбайды.
Ал бағаланбайтын нәрсені оқу мақсатына енгізу мұғалімге де, оқушыға да қиындық туғызады".
 
 
"Өте орынды пікір. Құндылықты қалыптастыру мен оны оқу мақсатына формалды кіріктіру — екі бөлек нәрсе".
 
"Өте орынды пікір. Құндылықты қалыптастыру мен оны оқу мақсатына формалды кіріктіру — екі бөлек нәрсе. Бағаланбайтын, өлшенбейтін дүниені мұғалімнен талап ету — артық жүктеме ғана. Практика ескерілмей, қағаз үшін жасалғандай көрінеді".
Барлық жаңалықтар