Германия канцлері Фридрих Мерц 4 қазанда Киевке алдын ала жарияланбаған сапармен келді. Берлин Украинаға 1 млрд еуро әскери көмек және энергетикалық инфрақұрылымды қалпына келтіруге тағы 350 млн еуро бөлуге дайын, деп жазады Democrat.kz.
Фридрих Мерц Киевке Германия экономика министрі Катарина Райхе және неміс бизнесінің өкілдерімен бірге келді.
Reuters хабарлауынша, сапар кезінде жаңа көмек пакеті жарияланбақ.
Оның 1 млрд еуросы әскери көмекке, 350 млн еуросы Украина энергетикалық инфрақұрылымын жөндеуге жұмсалады.
Берлин мен Киев әртүрлі типтегі дрондарды бірлесіп өндіру жөніндегі келісімді де аяқтауға ниетті.
Жобалардың бірі жоғары жылдамдықпен ұшатын шабуыл дрондарын ұстап қалатын аппараттар шығаруға бағытталған.
Сонымен қатар екі тарап қашықтығы мың шақырымнан асатын қару жүйелерін әзірлеу және өндіру бойынша ынтымақтастықты талқылап жатыр.
Мерц сапары кезінде Украинадағы Еуропалық одақ талап ететін реформалар, соның ішінде жемқорлықпен күрес мәселесін де көтермек.
Канцлер Киевке келген уақытта қалада әуе дабылы естіліп, жарылыстар болған.