Жұрт білмейтін шындық: Яссауи кесенесі зират па, әлде саяси маңызы бар мекен бе?

Жұрт білмейтін шындық: Яссауи кесенесі зират па, әлде саяси маңызы бар мекен бе?

Хожа Ахмет Яссауиді  түркі-мұсылман дүниесінің ең ұлы сопысы, XII ғасырда өмір сүрген рухани ұстазы деп біледі.

Алайда оның Түркістандағы (бұрынғы Ясы) аты аңызға айналған кесенесі XIV ғасырдың соңында, яғни оның қайтыс болуынан шамамен екі ғасыр өткен соң Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған.

Бұл тарихи факт кесененің шынайы қабір емес, керісінше, саяси және символикалық жоба болғанын дәлелдейді.

Әмір Темірдің саяси мақсаты:

Зерттеушілер атап өткендей, Әмір Темір сопылық ағымдардың беделін пайдаланып, жергілікті халықтың қолдауына ие болуға тырысты. Ол Хожа Ахмет Ясауи культін өз билігінің рухани негізі ретінде қолданды. 

ЮНЕСКО-ның ресми сипаттамасында кесене:

 «…Тимурдың саяси идеологиясымен тығыз байланысты» деп жазылған

(UNESCO, whc.unesco.org)

Яғни, кесене рухани орталық болумен қатар, оның билігі мен легитимдігін нығайту құралы болды.

Сүйек мәселесі: нақты дәлел жоқ

Бүгінге дейін Хожа Ахмет Ясауидің сүйегі нақты түрде сол кесенеде жерленгені туралы ешқандай ғылыми не археологиялық дәлел жоқ. Төмендегі факторлар осы күмәнді күшейтеді:

Кесене 200 жылдан кейін ғана салынған. Бұл кезде бастапқы қабірдің нақты орны белгісіз болуы да мүмкін еді.

Крипта (жер асты қабірі) жабық және зерттелмеген.

Атап айтқанда ресми эксгумация немесе сүйекке жасалған радиоуглеродтық талдау (carbon dating) жүргізілмеген.

Радиоуглеродтық талдаудың қажеттілігі

Хожа Ахмет Ясауиге тән сүйек қалдықтары табылған жағдайда, радиоуглеродтық әдіс арқылы сүйектердің нақты қай ғасырға тиесілі екенін анықтауға болады. Бұл әдіс 1000 жылға дейінгі уақыт шеңберінде дәлдікпен нәтиже береді. 

Егер Яссауидің сүйегі XII ғасырға жатпайтын болса, онда кесененің шын қабір емес, символикалық құрылыс екені айқындалады.

Шынтуайтында Әмір Темірдің Түркістанда тұрғызған кесенесі қасиетті адамға тағзым ету ғана емес, сонымен бірге ұлы даланы бағындырудағы саяси қадам болды. 

Кесененің архитектуралық көлемі, құрылыстың аяқталмауы және сүйекке қатысты нақты дәлелдердің болмауы — бұл жобаның саяси һәм символикалық сипатын айғақтайды.

Ақиқатында бүгінгі таңда Қазақстан үкіметі бұл мәселені зерттеп, радиоуглеродтық сараптама жүргізуді қолға алса, ұлтымыз саясиланған араб-парсы идеологиясынан немесе діни мифтен ада болып,  ғылыми тұрғыдан аталмыш іс-әрекет өте дұрыс қадам болар еді.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ, “Демос” Қоғамдық ұйымының жетекшісі.

 

Барлық жаңалықтар