"Егер менің бастан өткергендерім рас болса, онда біз кеңістік пен уақытты мүлде дұрыс түсінбей келеміз". 1977 жылы Токиодағы ауруханалардың бірінде орын алған оқиға әлі күнге дейін ғалымдар мен тылсым құбылыстарды зерттеушілерді толғандырып келеді.
28 жастағы жас астроном Цурухико Киучи Токио университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде, перитонитке байланысты шұғыл операция кезінде клиникалық өлімді бастан кешіреді.
Ол өмірге қайта оралғаннан кейін айтқан әңгімелері адам санасы мен уақыт туралы көптеген ұғымдарды қайта қарауға себеп болды.
1977 жылдың 29 қазанында Киучидің жағдайы күрт нашарлап, оны университеттік ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер оған жедел перитонит диагнозын қойып, шұғыл операция жасайды. Алайда, операция барысында пациенттің өте сирек кездесетін ауруға шалдыққаны анықталады — бұл жоғарғы шажырқай артерия синдромына байланысты ұлтабардың өтпеуі.
Дәрігерлердің айтуынша, сол уақытқа дейін әлемде мұндай жағдайдың жүзден сәл асқан оқиғасы ғана тіркелген, олардың ешқайсысы аман қалмаған. Дәрігер отбасысына: "Ол көп өмір сүрмейді" — деп ауыр болжам жасайды.
Бірнеше сағаттан кейін Киучидің жүрегі тоқтайды. Медициналық қызметкерлер оны тірілтуге бар күшін салады. Осы уақытта оның ата-анасы қорқынышпен қарап тұрған. Киучи 40 минут бойы клиникалық өлім күйінде болған. Электроэнцефалограмма оның ми қызметінің толық тоқтағанын көрсеткен.
Бірақ 30 минуттан кейін, дәрігерлер өлі деп тіркегеннен соң, Киучидің жүрегі қайта соға бастайды.
"Біз үмітімізді үздік, — деп еске алады оның емдеуші дәрігері. — Бұл толықтай өлім жағдайы болатын. Бірақ жүрек өздігінен қайта соға бастады. Мен мұндайды ешқашан көрген емеспін".
Киучи есін жиған соң, керемет жайттарды баяндайды. Ол хирургиялық топтың өз жүрегі тоқтағаннан кейінгі әрекеттерін егжей-тегжейлі сипаттап береді. Сол сәтте ессіз жатқан болса да, ол медбикелердің дәліздегі әңгімелерін, ата-анасының психологиялық күйін дәл айтып береді:
"Анам қатты жылап жатыр, әкем қабырғаға үнсіз қарап тұр".
Бұдан кейінгі бірнеше айда Киучи клиникалық өлім кезінде бастан кешкендерін күнделікке түсіріп отырады. Ол санада кеңістіктік шектеулер мүлдем болмағанын айтады:
"Қай жерді ойласам, сол жерде бірден пайда боламын. Мен қаланың басқа бөлігінде көлік жүргізіп бара жатқан әпкемді көрдім, оның ойы мен сөйлесіп жатқан сөздерін естідім", — деп жазады ол.
Тағы бір таңғаларлық жайт — уақытпен байланысты тәжірибелері. Киучи өз балалық шағына қайта оралғанын және өзінің әпкесін құтқарып қалған бір оқиғаға куә болғанын айтып береді.
Бұл оқиғада оның болашақ "өзі" өткенге барып, дауысымен "сақ бол!" деп айқайлап, қауіпті жағдайдың алдын алады. Бұл — уақыттық тұйық шеңбер еді.
Киучи сонымен қатар, XV ғасырға "саяхаттағанын" айтады. 1478 жылы ол Жапониядағы көне храмдардың біріндегі бағанаға өз атын жазады. Кейін есін жиғаннан соң, сол храмға барып, шынымен де жартылай өшіп қалған жазуды табады. Храм шежіресінде бұл жазу бес ғасыр бұрын пайда болған белгісіз "қонақтан" қалған деп жазылған.
Бұл мәліметтер ғалымдар арасында түрлі пікірталас тудырды. Біреулер оны елестің әсері десе, енді бірі — параллель өлшемдерге дәлел деп санайды. Киучи бұл тәжірибелерге ғылыми тұрғыда қарап:
"Егер менің бастан өткергендерім рас болса, онда біз кеңістік пен уақытты мүлде дұрыс түсінбей келеміз", — деп жазды.
1980-жылдары Киучи бірнеше мақала жариялап, онда 2024–2027 жылдары адамзат ежелгі жоғары дамыған өркениеттің дәлелін табатынын болжаған. Ол сондай-ақ, Оңтүстік Америкада алып адам қаңқалары, Жапония жағалауынан суасты пирамидалары табылатынын да айтқан.
Киучидің бұл пайымдарына сенбеушілер көп болды. Дегенмен, Токио университеті дәрігерлерімен тіркелген клиникалық өлім оқиғасы — ғылыми тұрғыда әлі күнге дейін нақты түсіндірме таппаған құбылыс.
Цурухико Киучи 2002 жылы қайтыс болды. Ол артына жауапсыз сұрақтар мен адам санасы жайлы терең ізденістер қалдырды. Оның оқиғасы бүгінге дейін ғалымдарды да, қалың жұртты да таңғалдырып келеді.
Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫНЫҢ парақшасынан.