Әнші Алтынай Жорабаеваның әлдебір тойдағы әрекеті мен сөздері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеодан байқағанымыздай, тойдағы жұртшылық әнші Алтынаймен суретке түсу үшін оның қасына келіп, құшақтай берсе керек. Алтынай Жорабаева: "Әрқайсыңыз келіп құшақтай бересіздер. Құшақтамай да суретке түсуге болады ғой. Еркектердің әрқайсысы келіп мені құшақтайды.
Сіздердің әйелдеріңізді көрінген еркек осылай құшақтай берсе, ұнай ма? Айтып тұрғаным дұрыс па?", дейді.
Желі қолданушылар "әнші дұрыс айтып тұр", "әр еркек құшақтай берсе, несі қалады, дұрыс қой" деген пікір жазуда.