11 сынып оқушысы профессорды ұрып өлтірген

0
125

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Бақыт Өтегенов 15 мамырда Шымкентте көшеде соққыға жығылды. Полиция 11-сынып оқушысын күдікті ретінде ұстаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.Бес күннен кейін профессор ауруханада көз жұмған.

Тергеушілер 17 жастағы жігіт пен профессордың араларында жанжал болғанын айтты. Артынша жас жігіт ата-анасының қамқорлығына берілген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабының 3-бөлігі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалды, — деп хабарлады Шымкент Полиция департаменті.

Биыл мектеп бітіруі тиіс болған оқушы 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ОҚО Медицина академиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Өтегенов осы оқу орнында 20 жылдай қызмет еткен. Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.

Фото интернеттен алынды.