Қазақстандық мұғалімдер тұрмысқа шығып, жаңа өмір бастап жатса да, кеңсе тауарларын түгендеуді ойлайды екен деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде жаңадан некесін мешітте қиып жатқан жастардың өзара әңгімесі жұртқа керемет көңіл күй сыйлады.
Имамның "махрге не сұрайсың?" Деген сұрағына жауап берген қыздың сөзі адамды еріксіз күлдірді.
"Махрге алтын емес, түрлі түсті принтер алып бергенін қалаймын" дейді жас келін.
Видеоға қатысты басқа мұғалімдер пікірді қарша боратып жазуда. "Өте дұрыс, алтынан да бағалы ғой принтер деген", "ең қажетті сыйлықты сұрады", "мұғалімнің принтерсіз күні қараң ғой", "өте ақылды келін және мұғалім екен" дегенге саятын пікір жазуда. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)