12 жасар бала өз әкесіне пышақ сұғып өлтірді
Бұланды ауданында әкесіне пышақ салған жеткіншек қазір анасының қарауында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен жұмада Ақмола облысы Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында 12 жастағы бала әкесіне пышақ сұғып, салдарынан ер адамның қаза тапқаны айтылған.
Мерт болған кісі баланың өгей әкесі деген ақпараттың тарауына байланысты редакция Ақмола облысының полиция департаментіне хабарласты.
«Бала қазір анасының қарауына берілген. Оның жасы 12-де, қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Қайтыс болған адам — баланың туған әкесі», — деді полициядан.
Айта кетейік, 1977 жылы туған ер адам ішімдікке сылқия тойып келіп, баланың басынан бірнеше рет ұрған. Содан кейін бала әкесінің кеудесіне екі рет пышақпен соққан. Ер адамның сол жерде демі үзілген.