18 жасқа толмаған қызды алып қашу — заңға қайшы дейді заңгер

0
373

Өткен аптада  Абай Бегейдің 16 жасар қызы тұрмыс құрғаны туралы оқиғаның шуы әлі басылмай тұр деп жазады Democrat.kz. әлеуметтік желідегі «Еуразия -1» арнасының ақпаратына сілтеме жасап. 

Арна тілшілері оқиғаға байланысты шолу жасап, Абай Бегей мен заңгерді сөзге тартыпты. Абай Бегей қызының 16 емес, 17 жаста екенін айтып, ақталыпты.

Ал қоғамды дүрліктірген бұл жағдайға байланысты заңгер Жандос Тұяқов көпшіліктің кәмелеттік жасқа толмаған қыздың тұрмыс құруына қатысты даурығуы орынды екенін айтады. Өйткені Ата заңымызда тек 18 жастан бастап қана ресми неке қиюға рұқсат берілгенін алға тартқан заңгер: «Тек екі жағдайда ғана кәмелеттік жасқа толмаған қызға неке қиюға заң рұқсат береді. Біріншісі — егер кәмелеттік жасқа толмаған қыздың аяғы ауыр болса немесе бала босанып қалған болса ғана рұқсат беріледі. Екі факт орын алса, оның өзінде де некеге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған адамның және оның ата-анасының рұқсаты керек»,- дейді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.