Белгілі продюсер, әнші Мөлдір Мұқан сезімге толы видеосын жариялап, отбасындағы бір сәтті бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Өнер иесінің балалары соңғы модельдегі iPhone 17 телефонын сыйлап, аналарын қуантқан.
Мөлдір Мұқанова мұндай сыйлықты көрген сәтте толқып, көзіне жас алады.
«Айтарға сөзім жоқ, толқып кеттім», - деп жазған ол.
Оның оқырманы да балаларына жақсы тәрбие бергенін айтып, тілектерін жазған.
«Қандай керемет қыздар. Қыздарыңыз қандай тәрбиелі, өте сыпайы. Сіздерді қатты жақсы көретіні көрініп тұр. Өз жалақыларын анасына сыйлыққа жұмсау үлкен жүректің белгісі. Жарайсыңдар, қыздар. Анаңыз сіздермен мақтанатын болады», - деп жазған олар.