200 орындық мектепте 600 бала оқып жатыр
Мен «нысаналы мектепке» қарсы шығып, Президентке жазылған ашық хатқа қол қойғаныммен, еш жерде пікір жазбай жүр едім. Былығына батып біттік қой.
- Тестке барыңдар деп мұғалімдерді мәжбүрледі, сабақтарында ешкімнің шаруасы болмады
- Енді курс басталды. Мысалы: бір мектепте қанша информатик болса, соның бәрі курсқа бару керек, сабақтары тағы жайына қалады ма, қалады…
Бұл басы…
Білім Саласындағы Департамент, Түркістан Облысының Білім Басқармасы, қане, білім сапасы көтерілгені? Көтерілмек түгілі, кері кеттік қой.
Не ғой, мен оқу орынбасарымын, бізден сұраған есептеріңізден жынданатын шығармыз. Ақыры қаржы бөлінген екен, жауапты координаторларға қосымша айлық төлеңіздер.
-Біздің мектептің білім сапасын көтергілеріңіз келсе, 200 орындық мектепте 600 бала оқып жатқанын ескеріңіздер.
-Біздің мектепті алдыңғы мектептердің қатарына қосқыларыңыз келсе, өмірінде көрмеген химия, биология, еңбек, мультимедия кабинеттерімен жабдықтап беріңіздер.
-Біздің мектепке жандарыңыз ашыса, апатты ғимараттан елдің баласын құтқарыңыздар. Сіздердегі өтірік есепке тұншыққан мектепті шын мектепке айналдырыңыздар.
Айтпақшы, «нысаналы мектептің» портретін жазып бер дедіңдер, жаздым ғой қайсысың оқыдыңдар. Керектінің бәрін жазғанмын. Мектеп бос, білім сапасын көтеретін, оқушы білім алатын заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етесіздер деп күтіп отырмын енді.
Маржан БАЙЫМБЕТОВА, белсенді мұғалім.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.