30 еркек бір қызды зорлаған
Израильдің Тель-Авив қаласындағы қонақүйде 30 ер адам 16 жастағы турист қызды кезек-кезек зорлаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Aurora Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұсталғандардың барлығы кәмелетке толмағандар екені нақтыланды. Қазір олардан жауап алынып жатыр.
Оқиға маусым айының ортасында болған. Жәбірленуші қыз қалаға досымен бірге келген. Зорлағандар алкогольдік масаң күйде болған деген болжам бар.
Күдіктілердің бірінің айтуынша, олар туристің бөлмесінің есігіне тізіліп, онымен жыныстық қатынасқа түсу үшін бірінен соң бірі ішке кірген.
Бұл оқиға әлеуметтік желілер мен израильдік БАҚ-та үлкен резонанс тудырды. Елдің түкпір-түкпірінде наразылық шаралары басталды. Шерушілер сексуалдық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді талап етуде.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху «бұл жас қызға жасалған жәй қылмыс емес, адамзатқа қарсы қылмыс» деді. Ол кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.