5 жасар қызы зорланған ананың үстінен қылмыстық іс қозғалмақ

0
896

Қостанай облысында 8, 12 және 13 жастағы балалар зорлаған 5 жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалғалы жатыр. Оған желіде қызына қастандық жасағандар туралы ақпаратты айтқаны үшін айып тағылмақ, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Оқиға туралы қыздың анасы «Не молчи» қорына айтып берген. Дерекке сүйенсек, 6 шілдеде әйел 5 жасар қызына жаңа велосипед алып беріп, қуантпақ болған. Ойнап жүрген қызын біраз іздеп таба алмаған. Кейін қызы алба-жұлба киіммен, қолындағы бір қап ойыншықтармен өзі үйге қарай келген.

— Анасы қатты қорққанынан қызына ұрысқан. Қазір сол әрекетіне қатты өкінеді. Себебі ол кезде қыздың да жағдайы нашар болған. Ол ештеңе айтпаған және тұйықталып қалған. Кейін біраз күннен соң ғана болған жайтты атасына айтып берген. Анықталғандай, үш бала бүлдіршінді қамыс арасына әкетіп, екеуі ұстап тұрып, қыздың жыныс мүшелерін ұстаған. Қарсыласып, жылағанда таспен ұрған. Үш ұл да қызға зорлық көрсеткен. Кейін ешкімге айтпауы үшін бір қап ойыншық берген, – делінген жазбада.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.