Ә.Қажыгелдин биліктегі былықтар туралы айтты
Әкежан Қажыгелдин Самат Әбіш ісіне қатысты ойын айтты деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
«Самат Әбішке қатысты істе қандай мемлекеттік құпия болуы мүмкін? Шпионажбен байланысты іс болып, ол жерде агенттердің аты аталса түсінер едім. Отанына опасыздық жасаған Әбіштің ісінде қандай мемлекеттік құпия болуы мүмкін? Ол жерде ешқандай құпия жоқ. Олар осылайша көзге анық көрініп тұрған нәрсені жасырып қалмақ», — дейді Қажыгелдин.
Одан бөлек, Әкежан Қажыгелдин Президент Тоқаев бұл жағдайдың бәрін қалай өзгерте алатынын айтты.
«Жағдайды кризиске әкелгендерге реформа жүргізуді сеніп тапсыруға болмайды. Премьер-министр Смайылов отставкаға кеткенімен, оның кезіндегі министрлер кабинетін отырған адамдардың 70 пайызы қалды.
Осыдан кейін бір нәрсе өзгереді деп ойлайсыздар ма? Өзгермейді. Олар Назарбаевтар әулетінің қоластында жүріп бір принциппен өмір сүріп үйреніп қалған. Министрлер де, олардың орынбасарлары да өздеріне жауапкершілік алудан қорқады», — дейді Қажыгелдин.
Айта кетейік, бұған дейін Dala INSIDE Үкіметтегі «Құлыбаевтың адамдары» Қажыгелдиннің назарына іліге бастағанын жазған еді. активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары араласты» деген болжам айтқан. Мағжанұлының пайымдауынша «Тимурдың командасы» аталған заң жобасын сұйылтып жіберуге мүдделі.
Қажыгелдиннің нысанасына іліккен азаматтардың есім-сойы кім?
DALA INSIDE осы тарапта тәуелсіз зерттеу жүргізуге тырысты.
«Шеттегі активтерді қайтару туралы» заңның «черновигін» қолмен ұстап, көзбен көргендердің бірі — Рустам Жүрсінов. Бұл кім дерсіз? Ол еліміздегі кәсіпкерлер құқын қорғайтын арнайы уәкіл, былайша айтқанда «бизнес омбудсмен».
Аталмыш заң Мәжіліс талқылауына түспей тұра Жүрсіновтың қолынан өткен.
«Бизнес омбудсмен» заңсыз активті «іздеу» мен «кәмпескелеудің» алгоритмімен алдын-ала асықпай-cаспай танысып алған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Жүрсінов заңгерлердің көмегіне жүгініп, заң жобасының олқы тұстарын анықтауға тырысқан. Кім үшін, не үшін, ол жағы бізге белгісіз…
Заңсыз капиталды елге қайтару мақсатында құрылған комиссия құрамында Бас прокурордың орынбасары — Ұлан Байжанов бар. Құрылымның елеусіз мүшесі емес, осы комиссия төрағасы Тоқаевтың білдей бір «зам-ы».
Осы тұста «активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары тұмсық тықты» деген Қажыгелдиннің тұспалын фактчектен өткізуге тура келеді. Әкежанның түйсігі әдеттегідей әлдебір шикілікті сезсе керек…
Біз сөз өткен Жүрсінов пен Байжанов та «күйеубаланың» сыралғы серіктері. Құлыбаев «ҚазМұнайГаздың» орынбасары қызметін атқарған 2000-шы жылдары аталған жұп карьералық баспалдақпен қарыштап көтерілді.
Жүрсінов кейіннен тағы сол Құлыбаев жетекшілік еткен «ҚазЭнержи» бизнес қауымдастығының заңгерлік бөлімін басқарды. «Бизнес омбудсмен» атанбай тұра, тағы сол Құлыбаев басқаратын «Атамекен» палатасының вице-президенті болды.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша соңғы кездері Тимурдан маза кетіп, тыпырши бастаған. Кешеге дейін Жаңа Қазақстанның саяси элитасы сапындағы тамыр-таныстарына арқаланып келген Құлыбаев Қажыгелдин таратқан инсайдтың соңы айғай-шуға ұласа ма қауіптенеді.
Фото ашық дереккөзден алынды.