Адамдар неге қартаюдан қатты қорқады?

0
231

Қабақ кестіру, ерін ұлғайту, май алдыру — бұрын осындай операцияны жасататындарды біз танымаушы едік. Қазір қасымдағы құрбыларымның көбі жасатып алыпты. Бір түрлі бөтен адам сияқтанып, біраз уақытқа дейін көзің үйрене алмайды екен.

Айтайын дегенім, қазір адамдар қартаюдан қорқады. Жасын жасырады. Жас көрінуге тырысады. Соның бірден-бір дәлелі — осындай оталар.

Неге қорқады қартаюдан? Өйткені біздің қоғам қарттарды қатардан ысырып тастайды. 50-60-ты айтпай-ақ, қырықтың өзінде жұмыс табу қиындайды.

Өйткені жұмыс берушілер үлкен аға, апайларды жұмсай алмайсың деп, тәжірибесі жоқ болса да, жастарды тартады екен жұмысқа.

Бір жағы олар — арзан жұмыс күштері ғой. «Ләббай, тақсыр» деп алдында құрдай жорғалайды. Барып кел, шауып келдер, былайша айтқанда.

Осы нәрсенің өзі-ақ адамға «қартайма, қартайсаң, ешкімге керек емессің» деген қорқыныш тудырады. Әсіресе, әйелдердің әжім көрсе зәре-құты қалмайтыны содан.

Осы қорқыныш дегеннен шығады. Жасы келсе де, жастың қылығын жасайтындар бар.

«Не называй меня, апай» деген сияқты. Қазір осындай жас ерекшелігіне бағынбаудан шығып жатқан сияқты, жас жігіттердің ересек әйелдерге үйленуі деген құбылыстар.

Яғни, мына қоғамға ақыл тоқтатып, өзінен кейінгілерге ақыл айтып отыратындар емес, жастармен жағаласып, жарысатын жасамыстар керек деген ұғым қалыптасқандай.

Мариям АБСАТТАР, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.