Ахмет Байтұрсыновтың басынан «ұрған» бала кім?
Әлеуметтік желіде Ахмет Байтұрсыновтың макетін ұрған баланың видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода мектеп оқушысы Алаштың ардақты ұлы, Ахмет Байтұрсыновтың макетін алдымен баспен ұрып, артынша жұдырықпен періп қалады.
Қазақтың ұлы тұлғасын танымаған дейін десек, бастауыш сынып оқушысы емес. Ахмет Байтұрсыновты танымауы мүмкін дейтін өзге ұлт өкілі емес, өзіміздің бала. Олай болса, бұл әрекетті қалай түсінбек керек?
Дайындаған-Мәриям КЕНЕСАРЫ.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.