Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберді
Бокстан 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлады Ulyssport.kz
Париж Олимпиадасына алғаш рет қатысып жатқан 92 келідегі Айбек Оралбай 1/8 финалда Нигерия спортшысы Олетен Олаорені сенімді түрде жеңді. Жерлесіміз тіпті алғашқы раундтың соңында қарсыласын нокдаунға да жіберіп үлгерді. Ал қалған уақытта жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, 5:0 есебімен басым түсті.
Айбек Оралбай ширек финалда Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы Хулио Ла Крус (Куба) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Домингес (Әзербайжан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.