«Әйелдер киген хиджабын шешпейді!» дейді әнші

0
419

Танымал әнші Ұланғасыр Қамиевтің хиджабқа қатысты айтқан сөзі желіде дау тудырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әншінің хиджабқа қатысты айтып жатқан пікірі тарады. Әнші тікелей эфирде оқырмандарының сұрағына жауап беріп отырған.

«Күйеуі әйелін өлтіріп қойды, анау-мынау дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Ондай оқиғалар көп негізі. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады. Одан кейін біреу оған қызығады. Оны күйеуі не істейді? Барып өлтіріп қояды деген секілді», — дейді әнші видеода.

Сонымен қатар, әнші тағы бір видеода хиджаб киген әйелдер оны шешпейтінін айтады.

«Басын кесіп алса да шешпейді. Шын түсініп киген әйел оны шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Ертең, бұйырса, өз әйеліме кигіземін, басқасында шаруам жоқ. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе алмаймын. Кимесе «чао» деймін. Себебі санын жалтыратып, ешқайда шығарғым келмейді», — дейді Ұланғасыр Қамиев.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.