Айнұр Тұрсынбаева: “Не үшін өкінемін?”

Танымал айтыскер ақын, желілік компания жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева өзінің бизнесінің неден басталғанын мәлім етті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Төрт күн! Төрт қала, төрт кездесу! Батыс өңіріне сапарымыздан алған әсеріміз көл-көсір!
Риясыз, шынайы көңілдерімен, аппақ пейілдерімен күткен халықта қисап жоқ. Оларды бұл кездесуге жетелеп келген құдырет — қазағым деп соққан жұдырықтай!!! Алғыс жауған күндер болды нағыз.
Тек қана алға жылжып, халқымыз үшін қызмет етеміз! Әлі талай кездесулер болары анық. Дегенмен осы алғашқы төрт кездесуді біз еш ұмытпаймыз!
ТОП лидер болғандықтан, шетелдерді шарлап, маркетингі керемет желілік компания әкелсем болар еді!!! Шетелдік тәлімгерге телміріп, тілім жетпей, духым жетпей маркетингін қазақшалап, жұмысты опырсам да жарасар еді.
Бірақ олардың мінберінде жалғыз қазақ боп тұрсам, намыстан өртенер ем, қаншама қаракөз қазағымның ақшасын шетелге миллиардтап жібергеніме өкінер ем…
Ал қазір еңсем тік, рухым асқақ! Қазағым деген еңбегіміз желге ұшпайтынын осындай басқосуларда айқын аңғарамын!!! Ендеше мен неден жасқанамын? Не үшін өкінемін?!
“Қазағым” деп соққан жүректеріңізден айналдым, батыр да батыл БАТЫСЫМ!!! Сіздердее алған әсермен енді оңтүстік өңірлерді араласақ деген жоспарымыз бар.
Біз SAAD-тан табыс тауып, молшылыққа кенеліңіздер дейміз. Жақсы ортаға келіп, жақсы адамдармен жолдас болыңыз дейміз. Ең бастысы, қазақты қолдап, намысты, арды, рухты жоғары қояйық дейміз.
Намысшыл өңір — табысшыл. Мың алғыс сізлерге, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау», — деп жазды айтыскер ақын.