Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің өтірігі біте ме?

0
395

Ұмраға апарам деп 50-ден астам мұсылманды тақырға отырғызып кеткен туркомпанияның атқарушы директоры Данияр Имашевтің әкесі Балғынбек жаны қысылғанда құрылтайшылар жанынан ақша қосып, халық алдындағы міндеттемені орындауға тырысатынын айтыпты.

Оның бұл сөзіне сенудің қажеті жоқ. Мейлі, туркомпания құрылтайшылары ақша тапқанның өзінде әлгі мұсылмандар Сауд Арабиясына бара алмайды.
Себебі, 13 сәуірден бастап Ұмра жасау мақсатында Сауд Арабиясына келуге тыйым салынады. Ал қазір Ұмра деп Саудияда жүргендер 29 сәуірге дейін елден шығып кетуі тиіс.
Осы мерзімге шейін шығып кетпей сылтаулатып қалып қойған шет ел азаматына 100 мың риал айыппұл салынады. Неге?
Бұл сұраққа бір сөзбен «Қажылық – бизнес» деп жауап берсек, еш қателеспейміз. Себебі, 29 сәуірден бастап үлкен қажылыққа бару маусымы басталады.
Қазір Ұмра деп барып алып, уақыт созып Саудияда қалып қойып, үлкен қажылық жасап, қажы атанып алатын қу мұсылмандар бар ғой.
Бұл «бір оқпен екі қоянды атып алғанмен» бірдей, яғни Ұмраға жұмсайтын ақшаға кім көрінген үлкен қажылық жасап алса, онда Саудия бюджетіне көп қаржы түспей қалады.
Мұндай жағдайды болдырмас үшін Саудияның Қажылық және Ұмра министрлігі осындай қатаң ереже бекітіп қойған. Осыны сорлап қалған қарапайым мұсылмандар біле ме екен?..
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Фото көрнекілік үшін.