Ақша жоқ: Имам даңғарадай ресторан ашып дүркіретіп жатыр (ВИДЕО)

0
4526

Жұртқа «Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деп, сүйкімін жоғалтқан Қабылбек уағызшы хан сарайындай ресторан ашты деп жазады Democrat.kz.

Алматы қаласында «OTAU» атты халал ресторан ашқан уағызшының жаңалығын шәкірттері хабарлады.

Қазақы нақышпен безендірілген ресторанның ішінде қазақтың оюлы шапанын кигендер домбыра шертіп отыр.

Тағы бір қызығы Башқұрт қызының «Ұмай» әні үшін өңештері жыртылғанша сын айтқан діншіл қауым бұл жарнама видеосын Ұлы Түркілердің тарихынан сыр шертетін сол әнмен беріпті.

«Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер, ал көріңдер», «садақа жәшігінің ақшалары қайда кетіп жатыр, енді түсінген шығарсыңдар», «бұлар надан дүмшелердің арқасында шалқып жүр» дегенге саятын пікірлер жазған оқырман Қабылбек уағызшыны сын тезіне алды.

Фото интернеттен.

Watch on TikTok