Жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған есепші сотталды

Жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған есепші сотталды

Ақтауда жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын ұйымдастырған бухгалтер 5 жылға сотталды. Ол әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған деп хабарлайды Democrat.kz.

 Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, бұл үшін Instagram арқылы «қатысушылар» тартылып, жалған жеке кәсіпкерліктер (ЖК) арқылы олардың жұмысқа орналасқаны және табысы туралы жасанды құжаттар толтырылған.

Жүкті әйелдер туралы жалған мәліметтер негізінде жоғары мөлшердегі жәрдемақылар тағайындалып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 146 миллион теңгені құрады. Әйел осы қаражатқа үш бөлмелі пәтер сатып алған.

Сот бухгалтерді 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарып, оның пәтерін тәркіледі.

Барлық жаңалықтар