Мира Барказатқызы: "Әр мұғалімге көмекші ассистент берілуі керек"

Мира Барказатқызы: "Әр мұғалімге көмекші ассистент берілуі керек"
Білім саласының білікті маманы, саналы ғұмырын осы салаға арнаған тәжірибелі педагог Мира Барказатқызы білім сапасын жақсарту үшін қандай қадамдар жасалуы керегін айтты деп жазады Democrat.kz.
 
 
"Асхат Аймағамбетов “Тізгін” сайтына берген сұхбатында БЖБ,ТЖБ туралы дұрыс айтқан екен. Білім саласындағы жаңартылған бағдарлама - тұтас жүйе.
 
Осы жүйе енгізілгенімен қадамдары, нәтижеге жету салдары, қауіптері, қиындықтары, оқыту тәсілдері берілгенмен оны қолдану методикасы толық жүргізілмеді.
 
Бағдарламаны толық түсінген НЗМ мектептерінің тәжірибесі жәй мектептерге толық жетпеді. Бағдарламаны Қазақстандық білім саласына енгізгенде оны түсінгендер аз, бар-жоғы 20 пайыз шығар, оның көбі бағдарламашылар мен әдіскерлер, түсінбей қолданғандар қатардағы мұғалімдер, 80 пайыз еді. Бағдарламаны бұрын қолданғанған мемлекеттерде бағалауда оқушы саны сыныпта 15-тен аспайды, ал бізде қалалық аймақта, оңтүстікте, қазақтар басым аймақтарда оқушы саны 30-дан кем емес.
 
Бөлім бойынша бағалау алынғанда, ТЖБ алынғанда оқушысы көп мұғалімдердің оқушы білімін бағалауы өте қиын, тіпті науқанға айналады.
 
Көп жағдайда қалай бағаланғаны оқушыға жетпей жатады. (Тексеру тек жиналған жұмыста ғана көреді). Мұны жою үшін, әр мұғалімге ассистент немесе лаборант берілуі керек еді.
 
Лаборант пен асситент мұғалімнің ҚМЖ -сы бойынша дидактика әзірлейді, кабинетті дайындайды. Оқушының БЖБ, ТЖБ-сын тексеріп, әділ бағалалайды.
 
Әйтпесе мұғалім үлгермейді. Бұны жақсартудың тағы бір жолы Аятжан Ахметжанұлының тәжірибесін елге тарату керек.
 
Басқарушылар Аятжан сияқты ТЖБ нәтижесін бақылап, есебінен жаңа іс-жоспар жасауы керек. Сонда ғана оқушы оқуға үйренеді, ТЖБ алу, оқушыны бағалау нәтижелі болады", дейді Мира Барказатқызы. 
Барлық жаңалықтар