Ұлытау облысы тұрғындарының басым бөлігін жұмыспен қамтып отырған "Қазақмыс" корпорациясы аймақты ең жоғары жалақы төленетін өңірлердің көшбасшылар қатарына шығарды, деп хабарлайды Democrat.kz.
2025 жылдың IV тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы 473 158 теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға өсті.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Ұлытау облысы экономикалық құрылымы мен өнеркәсіп секторының жоғары үлесі арқасында табыс деңгейі ең көп аймақтардың алғашқы үштігіне тұрақты түрде еніп отыр.
Өңірдегі жалақы деңгейінің артуы тікелей тау-кен өнеркәсібінің дамуымен және осы саладағы басты жұмыс беруші саналатын "Қазақмыс" компаниясының қызметімен байланысты. Тау-кен саласындағы орташа жалақы 978 962 теңгеге жетіп, республикалық көрсеткіштен екі есеге асып түсті.
Сарапшылар мұндай жоғары табысты ірі өнеркәсіп орындарының жұмысы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асуымен түсіндіреді. Аймақтағы басты жұмыс беруші ретінде "Қазақмыс" кәсіпорындары Ұлытау облысының еңбекке қабілетті халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда.