ІІМ өңірлік басқармалары қоғамдық орындарда бет-жүзді жабатын киімдерге бақылауды күшейтті. Енді никaб, балаклава және тек медициналық себептерсіз қолданылатын бетперде де заң бұзуға себеп болады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz - ке сілтеме жасап.
Бұл өзгерістер өткен жылғы шілдеде күшіне енген еді. Камералар мен бет-әлпетті тану жүйелері әр адамды нақты тіркеуі керек. Ведомстводағылар бұл шара ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Кейбір жағдайларда, қылмыскерлер бет-жүзді жабатын киімді ұрлық, тонау, алаяқтық және басқа да заңсыз әрекеттер жасау үшін пайдаланады.
Сонымен қатар, діни немесе ұлттық киімдерге шектеу қойылмайды. Бірақ бетті бүркемелемеу керек. Медициналық себептер, суық мезгілдегі қорғау, қызметтік міндеттерді орындау, спорттық немесе мәдени іс-шаралар кезінде бет жабуға рұқсат етіледі. Бірінші рет заң бұзған тұлға тек ескерту алады. Егер бір жыл ішінде қайталанса азаматқа 10 МРП, яғни шамамен 43 000 теңге айыппұл салынады.