Ақтаудағы ұшақ апаты: Диспетчер сол күнгі жағдайды айтып берді

0
890

Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты жаңа деректер тарады, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

ВЧК-ОГПУ телеграм арнасының мәліметінше, Әзербайжаннан Грозныйға ұшқан ұшақ  Шешенстанның Наур ауданының үстінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) құралдарының соққысына ұшыраған. Сол уақытта дәл осы ауданда екі дронға қарсы оқ атылған.

«Оқиғадан екі апта бұрын Грозный әуежайы аумағына екі «Панцирь» зымырандық кешені орнатылған болатын. Билік оқиғаның мән-жайын бірден түсінгенге ұқсайды, өйткені ұшаққа соққы тигеннен кейін бір минут өтпей-ақ «Ковер» режимі жарияланған.

Сонымен қатар, трагедия кезінде ұшақты басқарған диспетчер Али Идрисов болған, ол Рамзан Қадыровтың сүйікті клубы «Терек» (қазіргі «Ахмат») командасының бұрынғы ойыншысы. 29 желтоқсанда кешкі уақытта оны тергеу амалдары жүргізілген.

Идрисов әуе қорғанысы жүйесінің жұмыс істеп тұрғанын білмегенін, ал «Ковер» режимі туралы ақпаратты оқиғадан бес минут өткен соң ғана алғанын мәлімдеді.

«29 желтоқсанда кеш бойы Ресейдің Тергеу комитетінің тергеушілері Грозныйдағы әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік корпорацияның жергілікті филиалының қызметкерлерін тергеді. Әуе оқиғасына қатысты куәгер ретінде жауап берген диспетчер Али Идрисов «Баку-Грозный» рейсін қондыруды ұйымдастырған.

Қызық дерек: Али Идрисов диспетчер болмас бұрын кәсіби футболшы болған және Грозныйдың «Терек» (қазіргі «Ахмат») командасында ойнаған. 2016 жылы футбол мансабын аяқтаған соң, ол Құрылысшылардың өңіраралық бірлестігіне заңгер болып жұмысқа орналасқан. Бірнеше жыл өткен соң, 33 жастағы Али Идрисов диспетчер қызметіне кірісті», — делінген телеграмдағы жазбада.

ВЧК-ОГПУ мәліметінше, Идрисов бұл оқиғаны экипаждың хабарламасына сүйене отырып, соңына дейін құстармен соқтығысу салдарынан болған деп ойлаған.