«Алдар көсе» ертегісі — қазаққа жасалған үлкен қастандық» дейді тарихшы

0
949

ТикТок әлеуметтік желісінде түрлі тарихи дүниелерді жариялап отыратын тарихшы Нұрқожа «Алдар көсе» ертегісіне қатысты мәлімет айтты деп жазады Democrat.kz.

«Алдар көсе» — қазақтың ертегісі емес. Сонымен қатар бұл ертегі — қазаққа жасалған үлкен қастандық деп айтуға болады.

Біріншіден, Алдар көсе тарихта болмаған, ойдан шығарылған тұлға. Тіпті ертегінің өзі көнеден келе жатқан жоқ. Ертегі жақында ғана шығарылған дүние.

Бұл ертегі кеңес одағына кірген түркі елдерінде ғана кездеседі. Ертегі — байлардың байлығын тартып алып, кедейлерге беруді, алдауды насихаттайды. Ал бай-бақуатты адамдар бұл ертегіде нашар кейіпкер ретінде көрсетілген.

Коммунист-большевиктердің идеологиясына сай келеді», — деген тарихшы бұл ертегінің Қожанасыр кейіпкерінің негізінде кеңес одағы кезінде жасалғанын айтады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.