«Аллаға қоятын сұрағым көп» деген қоғам белсендісі өзін тозақпен қорқытудың керегі жоғын айтты (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде «Найман» атымен танымал қоғам белсендісі өзін өліммен қорқытқандарға жауап берді деп жазады Democrat.kz.
ТикТок парақшасында жариялаған видеосында «Найман» :
«Мені өліммен, тозақпен орқытпай-ақ қойыңдаршы! Ана дүниеге барғанымда Аллаға қоятын сұрағым өте көп. Құранда неге былай деп жаздың, неге адамдарды қырып, инцест жасадың, неге пайғамбар деп жіберген адамға «өз туысыңа үйлене бер» дедің… тағы басқа осындай сұрақтарым жетеді. Бәлкім, менің сұрақтарымнан егер бары рас болса, Алланың өзі ана дүниеден осы дүниеге қашып кетер», — деді.
«Найманның» оқырмандарының басым бөлігі оның осы видеосына қатысты «өте дұрыс», «жұртты тозақпен қорқытатын дін ғой бұл» дегенге саятын пікірлер жазуда.
Сондай-ақ «мендей малғұнды неге тудың деп шешеңнен сұра», «ауыз менікі деп оттай бересің» деп кәрін төгушілер де бар.
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото көрнекілік үшін.
@user5242258302383