Алматы полициясы тұрғындарға есккерту жасады
Алматы полициясы қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, ертең өтетін Астана-Челси матчы қарсаңында билет сататын алаяқтар болуы мүмкін.
«Футбол матчына билеттерді тек ресми сауда орындарынан сатып алу керек екенін еске саламыз», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Полиция күштері спорт нысанының өзінде де, оған шектес аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайды.
Айта кетейік, «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын 12 желтоқсанда Алматының Орталық стадионында өтеді. Билеттер сатылымға біраз уақыт бұрын шығарылды.