Әнші Мақпалды мұқату — әлсіздердің тірлігі

0
215

Ол кісіні сөккендерге таңғаламын… Мақпал сияқты бола алмағаны үшін өмірге өкпелі адамдардың әрекеті сияқты сезіледі өзіме…

Мақпал Жүнісованы әнші емес дегендердің құлағы керең не талғамдарында проблема бар…

Мақпал ханымның өжеттілігіне ризамын өзім. Өмірдің небір қиянаты мен қыспағына шыдап келе жатыр… өмірі өз аузымен айта алмайтын ішінде өліп бара жатқан сұмдық пен шындығы бар…

Өсек пен жала кімді болсын қажытады… жүрегі нәзік әйел затына ол тіпті ауыр тиіп жатады…

Күйеуіңді атып кетіп, өлімін сенен көреді…

Өнер жолыңдағы есіктер тарс жабылады…

Сұлу, өнерлі, қылықты әйелдің қырықта жесір қалу қасіретін айтуда қиын…

Басқан ізің аңдулы, бір ағат адым жасасаң бүкіл халық назарындасың…

Мақпал ханымның қызық пен қасіретке толы тағдырының бізге мәлім сырларының өзі адамды мұңайтпай қоймайды… ал Мақпал ханымның ішінде не болып жатқанын айтпақ түгілі, елестету қиын… бізге беймәлім сырлары қаншама… айта алатыны бар, айта алмайтыны бар…

Бір адамның осынша жүкті арқалап алып, тағдыр жолында мойынсұнбай арпалысып келе жатқанын көріп басыңды қалай ғана имейсің…

Ішіпті дейді… неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой… Мақпал ханым іше түсіңіз… сізге ұзақ ғұмыр тілеймін… шеріңіз тарқасын…

Өжет, қайсар, мінезді, нәзік, сұлу, қылықты Мақпал ханым… сіздің ғұмыр үлкен майдан! Содан адамдық қалыбыңызды бұзбай ұстап келе жатқан ерлігіңіздің лайықты бағасыда бір күні берілер… өнеріңіздің де, өзіңіздің де алдыңызда басымды идім!

Серік ХАСЕНОВ.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.