Әнші Жазира да «таяқ жеген бе?»

0
141

«Таяқ жеген кезімізді есімізге түсірді» деген Жазира Байырбекова Бишімбаевтың ісі туралы пікірін білдірді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова Бишімбаевтың ісі туралы өз ойын айтты. Байырбекова бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. Желіде қызу талқыға түсіп, миллиондардың назарын аудартқан сот ісі жайлы пікірін білдірді.

«Су тасқыны туралы ақпараттан қалыспай, талайымыздың күйеуімізден таяқ жеген кездерімізді есімізге түсірді. Атышулы іс көңілімізді түсіріп, халықтың энергиясын алып, ұйқысын бұзып, денсаулығына әсер ететіні анық. Айдан да анықталған істі сонша созу не үшін керек болып жатыр екен», – деп жазды Байырбекова.

Әншінің бұл жазбасы оқырмандарын ойлантып қойды. «Жазира да күйеуінен таяқ жеген бе?» деген сауалға нақты жауаптарын әзірге ешкім ала алмады.

Фото ашық дереккөзден алынды.