Қайрат Нұртастың аты аталмасын деп сот процесі «реңін өзгерткен» бе?

0
565

Қазақстан шоу-бизнес өкілдерінің аты аталған бір сот процесі жылы жабылып қойған сыңайлы деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы дереккөзге сілтеме жасап. 

Бірден ескертіп өтейік, дереккөзге сілтеме берсек, әлеуметтік желі топтарына таратуға кедергі болуда. Сол себепті «дереккөз» деп беріп отырмыз. Төмендегі фотода ақпарат қайдан алынғаны көрсетілді.

Дереккөздің хабарлауынша, 2020 жылы Гаухар Мұсаға есірткі өндірді деген айып тағылған еді. Сотта Гаухар есірткі жасамағанын, әнші Қайрат Нұртас пен Арғын Аусаровқа есірткі алуына жәрдем еткенін мәлімдеген.

Алайда осы сәтте сот процесінің «реңі өзгеріп», қызға тағылған айып «есірткі сақтаған» болып өзгертіліп, ақырында Гаухарға 3 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады.

«Тағылған айыптың өзгеруі мен әншілердің атына дақ түсірмеу әрекетінің байланысы бар ма? Бұл іс бойынша Бас Прокуратура өзі кірісіп, істі жіті назарға алып, қайта қарайтын кез келген сияқты» деп жазады дереккөз.

Төменде Гаухар Мұсаның сотта сөйлеген сөзінің жазба нұсқасы.