Әр күн сыра ішіп 100 жасқа жеткен

0
263

АҚШ-та 100 жастағы әйел ұзақ өмір сүрудің құпияcын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC7 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Анахайм тұрғыны Мэри Энн Роджерс өзінің 100-ге толды. Жасына қарамастан, америкалық әйел жүргізуші куәлігін жаңартып, соның құрметіне арналған кешке көлік айдап келген.

Достары мен туыстарының айтуынша, Роджерс әлі де белсенді өмір салтын ұстанады, тамақ пісіруді және бау-бақша өсіруді ұнатады.

Өзінің ұзақ өмірінде Роджерс 11 баланы дүниеге әкелген. 19 жасында ол Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштерінде әскери борышын өтеді. Екінші дүниежүзілік соғысына да қатысқан.

Роджерстен ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде екенін сұраған кезде “Күнде кешкі 5-те сыра ішемін” деп жауап беріпті.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.