«Ардақ Назаров үшін мен ұяламын, намыстанамын» дейді саясаткер
Sadaq.media арнасына сұхбат берген саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы депутат Ардақ Назаров туралы пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.
Журналист Дәурен Дариябектің «Ардақ Назаров бауырыңызбен арада болған жағдайды қалай шештіңіздер?» деп өткен парламент сайлауына қатысты сауал тастады.
Бұл сұраққа саясаткер, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы: «Шынын айтсам, Ардақтың аты аталып немесе оның журналистерге сұхбат бергенін көріп қалсам, ол үшін ұяламын, намыстанамын.
Өзімді ыңғайсыз сезіне бастаймын. Оны билік әдейі таңдағаны бәріне белгілі. Ол биліктің қуыршағы ғой. Оның олай қуыршақ болып жүргеніне мен намыстанамын.
Сондай адамды мені сайлаудан өткізбес үшін әдейі шығарды ғой. «Әкемді сыйлаймын» деген Ардақ Назаров «сайлауға түспей-ақ қой» деп алдына барған ел ақсақалдарын, жұртқа сыйлы азаматтарды сыйлай алмады», — деді.
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото видеодан скринделіп алынды.