«Аш адам Алланың жолында қызмет ете алмайды» дейді дін жанашыры

0
412

Қазақстандағы мешіттерде қызмет ететін имамдардың жалақысы өте төмен деген дін жанашыры үндеу жолдады деп хабарлайды Democrat.kz.

“Қазақстандағы мешіттерге түсетін ақшаның 30 пайызы ҚМБД-ға берілетін болса, имамдардың жалақы мәселесін де қарастыру керек. Мешітке адамдар мың, миллиондап садақаға ақша бермейді.

Ал имамдарға мешіттің қаржылық мүмкіндігіне қарай жалақы берілетінін ҚМБД өкілі айтты. Мешіттің қаржылай мүмкіндігі әртүрлі. Мысалы, кішкентай ауылдағы мешіттің имамына бір айда жалақы ретінде әрі кетсе, 50 мың теңге түссе, 150 мың теңгені мүфтият төлеуі керек деп санаймын.

Өткенде ҚМБД өкілі имамға 100 мың теңгеден айлық берілетінін айтты. Айналайындар-ау, ол ақшаға не келеді? Имамның отбасы ет жемей ме, сүт ішпей ме? Мүфтияттағы қызметкерлер, Бас мүфтидің жалақысы 100 мың теңге емесі анық қой!

Оларға жалақы мешіттен жиналған қаржыдан төленеді ғой?! Сондықтан да тек мүфтият қызметкерлеріне ғана емес, жалпы әр мешіттегі әрбір имам, діни уағыз айтып, дәріс беріп жүргендерге тұрақты жалақы төленуге тиіс.

Сондай-ақ оларға төленетін жалақы олардың отбасын асырай алатындай көлемде болуы керек. Дін қызметкерінің ақшалай мақсаты болмауы керек депті ҚМБД өкілі.

Айналайын, қарның аш болса, отбасың керемет кедейшілікте болса, қайдағы Алланың жолындағы қызметті айтуға болады? Сондықтан сапалы жұмыс істеуі үшін имамдарға жақсы жалақы берілуге тиіс”,- дейді дін жанашыры.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

@kazak.69

♬ оригинальный звук — Қазақ 🇰🇿