«…асылып өлер едіңдер» деген «Ақжүніс» ашуға толы жазба жариялады

Әлеуметтік желідегі парақшасында танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзіне тиісіп, ренжітпек болғандарға арнап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Журналистің жазбасынан түсінгеніміз, әлеуметтік желіде оның жеке басына тиісіп, ақыл айтушы біреулер шыққан сияқты.
«Эмоциясын басқара алғыш ақылдылар», «деңгейі жоғары саналылар», «әдепті, мәдениетті натация оқығыштар» — менің аяқ киімім сендерге не тар, не кең, менің көйлегім сендерге не тар, не кең… Бұл теңеуімді ұқпассыңдар.
Түсіндірейін: сендердің 24 жыл ішпей-жемей бағып-қаққан балаларың өлсін демейін, өлсе дейін; оның өлімін сендердің мойындарыңа іліп бәле-жаласын жапсын демейін, жапса дейін; айдалада асылып өлген бір мастың өлімін сендерден көрсін демейін, сондай бәле-жаласын жапса дейін;
7 жыл бойы қыр соңыңнан қалмай әлеуметтік желіде бәле-жаласын сендерге жауып буллинг жасаса, жалпы, өмір жолдарың жаңадан басталғаннан көргендерің тек жақсы көрген адамдарыңның әділетсіздігі, арамдығы, сатқындығы болса — сол кезде көрер едім сендердің эмоцияларыңды басқарғыш әдепті де мәдениетті болғандарыңды….
баяғыда не жындыханада жатар едіңдер, не өздерің асылып өлер едіңдер» деп жазған «Ақжүніс» «мен сендерге ұнауға міндетті емеспін, сендерге ұнайтын пост жазамын деп соцміндеттеме алған жоқпын, сендерге ұнау үшін өмір сүріп жүрген жоқпын. Жазбам сендерге ұнай ма, ұнамай ма, маған поқи мароз!!!» деді.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.