Ата -аналар «Ғани Бейсембаев отставкаға кетсін!» деп талап етті

0
1217

ТикТок әлеуметтік желісінде Дина Садердинова атты қоғам белсендісі «Ғани Бейсембаев отставкаға кетсін!» деген талаппен жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

Парақшаның иесі «Мама которой не все равно» деген тақырыппен тіркелген Дина Садердинова баласы үшін алаңдайтын, белсенді ата-ананың бірі екені даусыз.

Өз жазбасында Дина Садердинова Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың таяуда сағаттың ауысуына байланысты оқушылардың кеш қайтуы туралы мәселеге берген жауабын сын тезіне алыпты.

Естеріңізде болса, Ғани Бейсембаев: «Егер сабақ уақытын қысқартсақ, онда жазғы мектептерді ұйымдастыруға тура келеді», — деген еді.

Міне, осыған байланысты белсенді ата-ана: «Баланың түнде мектептен қайтуын проблема санамайтын мұндай министрдің бізге не керегі бар? Балалардың қазір жарық күнін, ал жазда демалысын уақытын алмақ. Білім сапасы құлдырап түсіп жатыр. Мұғалімдерді қағазбастылықпен алыстырып қойды. Бітпейтін тестілеудің ешбірі ешқандай нәтиже бермей отыр», — деген белсенді ата-ана Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуді талап етіп «бұл — біздің министр емес!» деп жазды.

Осы жазбаға пікір қалдырғандар «өте дұрыс, қолдаймын!», «министр отставкаға кетсін!», «осындай министрлердің кесірінен тұтас бір ұрпақты жоғалтып отырмыз. Күн көрмеген баланың денсаулығы бұзылады. Ал бұлар тек өзіне ыңғайлысын ғана жасап отыр. Баламыздың денсаулығын кім қайтарып береді?» деп жазуда.

Фото белсенді ата-ананың парақшасынан алынды.