Ата-әже немере бағуға тиіс пе?
«Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Тату тәтті» бағдарламасында «Ата-әже немере бағуға тиіс пе?» деген мәселе айналысында пікірталас өрбіді деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Бағдарлама қонағы оралдық Нұргүл Оранбекова ене, келін, немере тақырыбында қызықты дүниені сөз етті. «Төрт балам бар. Құдай қаласа немерелі боламыз деп отырмыз. Мен немере бақпаймын.
Әр ата-ана өз баласын өзі бағып, тәрбиелеуі керек. 80 жасқа келгенше «бір иіскеп, шаршағаным басылады» деп немере бағатын жайым жоқ. Ендігі қалған өмірімді өзіме арнаймын. Төрт баланы бағып-қағып, жетілдірдім.
Енді қалған өмірімде немере бағып отыра алмайды екенмін. Жолдасыммен ел аралап, саяхат жасап, демалысқа кетеміз. Немерелерім айында бір келіп тұрса, жетеді»,- дейді.
«Енем бағып береді, қарайласады» деген оймен жыл сайын бала табатын келіндердің енесі бұлай деп отырса, енді қалай болады?
Әлде Нұргүл ханымның пікірі дұрыс па? Ата-ана қартайғанда немере бағып үйде отырмай, қалған өмірін өзіне арнағаны жөн бе?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.