Мұғалімдердің тең жартысы аттестациядан ақшамен өткен
«Нысаналы мектеп» жобасы болмас еді ,егер аттестациядағы тесті әділ өткізсе. Тест басталғалы бері ел шулап келеді, Тесті сатып алады деп. Ел бекер шуламайды.
Бір әріптесімнің бірлестігінде жұмыс істейтін бес мұғалімнің екеуі ғана өз күшімен өткен. Қырық процент қана. Бұл енді нақты информация. Яғни , орта есеппен алғанның өзінде мұғалімдердің тең жартысы солай өтті деуге болады.
Әр облыста арнайы проходной тест орталықтары да бар. Алматының Шамалғаны,Түркістанның Сарыағашы дегендерің ел іздеп келіп тест тапсыратын киелі орталықтар.
Мұндай орындар барлық аймақта бар. Мұны елдің бәрі біледі. Егер осы каналдарды кезінде жауып ,тест әділ өткенде бүгінгідей жағдай болмас еді. Тестен өткен адам портфолиодан да өтеді. Бұл факт.
Сол сауатсыз мұғалім жаңа категориясымен тағы сабаққа келеді. Тест тапсыра алмаса мұғалімнің өзі де дайындалар еді. Түбінде өтеді. Тек өз күшімен. Нысаналы мектептің бір мақсаты мұғалімдерді жаппай сауаттандыру ғой. ЛИКБЕЗ.
Әрине,тестің де сапасын түзеу керек. Қажеті бар ма,қажеті жоқ па , сұрақтарды сала берген.
Бір-екі қызметкерді ұстаған болады. Сонымен Аллаху акпар. Все хорошо ,прекрасная маркиза.
Кешегі аймақтарға шығып жүрген министрлік қызметкерлері тест кезінде облыстарда бақылау орнатқанда ештеңе болмас еді. Әрине ,министрліктің техникадан хабары бар мамандарымен бару керек.
Бізде ,Астанадан елу км шыққан соң заң басқаша қолданылатынын білмей ме? Аттестациядан өтті . Енді категорияны ешкім ала алмайды.
Бірақ кеш емес. Ақшамен өтуді тоқтатпаса әлі талай нысаналы мектептің көкесін көреміз.
Әрине ,нысаналы мектептіңұйымдастырылуы,таныстырылымы модульдердің сапасы шикі. Мақсаты да да анық емес. Министрдің айтуынша бұл жоба төрт жылға созылады. Демек барлық оқу орнын қамтиды.
Яғни жыл сайын осындай ереуіл болады деген сөз. Қаражат бөлінген екен,енді осыны дұрыстап пайдалану үшін шұғыл шара керек. Сарапшыларды шақырсын. Қалай,қай кезде, қандай форматта өткізу туралы ақылдассын. Сол кезде бір дұрыс шешім табылар.
ПС:Сы. Жасы алпысқа келгендерді босатты дейді. Рас болса.Жүктілерді босатыпты. Жақсы. Директорлар мен завучтарды босатыпты. Бұйрығын көрген жоқпын, бірақ желіде кездесіп жүр.
Сұлтан СҮЛЕЕВ, белсенді мұғалім.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.