Балаларымызды деструктивті діни ағым мен ЛГБТ-дан қорғау мүмкін болмай тұр
«ЛГБТ жиын өткізейін деп жатыр» деп инста шулап жатыр. Осында да біраз адам жазыпты. Атауы – «Лесбиан құрылтай».
Құрылтайы нес…Ежелде құрылтайда үлкен, ұлт үшін маңызды, масштабты мәселелерді шешкен. Соғыс, көш мәселесі, руларды татуластыру және басқа.
Өте масштабты мәселені. Құрылтайда батырлар, билер, ақсақалдар, сұлтандар бас қосып, кеңесетін. Ауқымды кеңес қой былайша айтқанда.
Біріншіден, форум де, жиын де, бірақ «құрылтай» деуге еш мәні сәйкес келмейді!
Екіншіден, біз адам құқығы, сөз, ой, ұстаным еркіндігі дегенді жиі айтамыз. Алайда әр ұлттың діл және мәдениетінде өзіндік ерекшеліктері бар.
Бізде «ұят» түсінігі жоғары тұрады. Ұят институты. Қазір оны толық ысырып, жойып тастауға шақырып жүргендер бар. Соның бірі осы қозғалыс.
Жариялымына «түрлі-түсті өмір жайлы білмейтін патриархал ақсақалдар емес, нағыз жүрекжұтқандар келсін» дегендей жазыпты. Қысқасы «біздің түсінік жоғары» дегендей месседж ғой.
Мың жерден демократия десек те, мен бұндайды түсіне алмадым. Түсінгім де келмейді. Мейлі, сол ойым үшін «қараңғы, артта қалған» болайын.
Мен балаларымды деструктивті діни ағымдардан және осындай насихаттан қорғағым келеді. Тик-Токта, Инстада діни радикалдар күнара ұлттық құндылықтарға шабуыл жасауда.
Жеті ата, қазақтың сөздерінің шығу тарихы, домбыра және басқаға. Екінші жағынан мыналар насихатын күшейтуде. Менің көзқарасымда бұзылуға болмайтын, жазылмаған заңдылықтар бар. Мысалы, соның бірі ер мен әйел бір-бірі үшін жаралған.
Ер мен ер, әйел мен әйел емес, ер мен әйел! Басқасын миым қабылдамайды. Кейбіреу оны «ортағасырлық түсінік» дейді. Солай-ақ болсыншы, ортағасырлық түсінікте бола берейін.
Жазда дәл осы тақырып бойынша петиция жиналып, талқы өткен. Сол сәтте көпшіліктің қарсы екені байқалды. Мұндай шаралардың өтуіне рұқсат бермейді деп ойлаймын.
Соңғы уақытта бұларсыз да көңіл-күйі ала-құла болып тұрған ел арасында бұндай шараларды өткіземіз деу, оған «құрылтай» сөзін қолдану — ашық арандату және насихат ретінде қабылдап жатқандар көп. Қоғамды арандатып не керек? Адамдар онсыз да ашулы жүр ғой.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.